«Қазақстанда қуат көздеріне деген сұраныс жоғары және электр қуатының тапшылығының деңгейі де айтарлықтай.Сондықтан, ол елімізде алдағы 5 жылда 50% ұлғаяды. Ал бұл өз кезегінде энергетикалық секторындағы кәсіпорындарының құнды қағаздарының бағасының өсуіне әкеп соғады. Оның нақты бағасын нарық анықтайды», — деп мәлімдеді Г. Артамбаева.
Г. Артамбаева айтқанындай, инвесторлардың энергетикалық компанияларға қаржысын салуы тиімді болады. «Бұдан бұрын қуат компаниялары монополияға қарсы реттеудің қолында болған. 2007 жылы елдің энергетикасына қатысты үкіметтегілер 2015 жылға дейін электр қуатының бағасын 7-8 теңге деңгейінде деп белгіледі. Бүгіннің өзінде Алматыда электр қуатының бағасы 100 % көтеріліп, 4,6 дан 8 теңгеге өсті. Үкіметтің жоспарында бағалар өзгертіледі, 2015 жылға дейін өндірілген электр қуатының 1 кВт сағаты 3,5 центті құрайтын болады «, — деді Г. Артамбаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті