Әзербайжан жақын арада Солтүстік Атлантикалдық Альянс құрамына кірмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 476.07
  • 541.86
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан жақын арада Солтүстік Атлантикалдық Альянс  құрамына кірмейді

Әзербайжан жақын арада Солтүстік Атлантикалдық Альянс құрамына кірмейді

Астана. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан жақын арада Солтүстік Атлантикалдық Альянс құрамына кірмейді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Әзербайжанның қорғаныс министрі Сафар Абиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Қараша 2007
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Мен, қорғаныс министрі ретінде, біздің еліміздің Солтүстік Атлантикалдық Альянспен ынтымақтастық жасауды жалғастырып отырғандығын, ал Әзербайжанның Солтүстік Атлантикалдық Альянс құрамына кіретіндігі туралы шешім әлі шықпағандығын мәлім етемін»,- деді С. Абиев.

Сонымен қатар, Әзербайжанның қорғаныс мекемесінің басшысы Армениямен қарулы қақтығыстардың болуы мүмкін екендігін жоққа жығармады.

«Әзірге Армения Әзербайжан аумағын басып алған тұста соғыстың болу ықтималдылығы 100 пайыз», — деп түсіндірді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті