ҚР қаржы полициясы 9 айда құрылыс индустриясы, тұрғын үй құрылысы және жер қатынастары салаларында 458 қылмыстың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы полициясы 9 айда  құрылыс индустриясы, тұрғын үй құрылысы және жер қатынастары салаларында  458 қылмыстың бетін ашты

ҚР қаржы полициясы 9 айда құрылыс индустриясы, тұрғын үй құрылысы және жер қатынастары салаларында 458 қылмыстың бетін ашты

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі органдары ағымдағы жылдың 9 айында құрылыс индустриясы, тұрғын үй құрылысы және жер қатынастары салаларында 458 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Қараша 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Аталған қылмыстардың ішінде 76 қылмыс 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасалса, 111-і құрылыс индустриясы саласына тиесілі», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Агенттік мәлімсеттерінше, осы мерзімде әшкереленген 98 қылмыс пәтерге қатысты алаяқтыққа байланысты. «Алаяқтыққа қатысы бар тұлғалардың үстінен он қылмыстық іс қозғалды, олар жер телімдерін таратуға қатысты. Ал 163 қылмыстық іс жер қатыстары саласындағы алаяқтыққа байланысты», -делінген хабарламада.

«Жоғарыда аталған қылмыстық істер бойынша келген шығын көлемі 1 млрд 592 млн теңге болды, олардың бір бөлігі тергеу барысында қайтарып алынды», -делінген құжатта.

Қаржы полициясының мәліметтерінше, Астана аумағында есепті мерзімде құрылыс саласында 48 қылмыстық іс, Алматыда 18 қылмыстық іс қозғалды.

«Қаржы полициясының қызметкерлері құрылыс саласындағы ең көп қылмыстарды Алматы облысында анықтады, онда осы сала бойынша 83 қылмыстық іс қозғалды», — делінген баспасөз баянында.

Агенттік мәлметтерінше, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында жергілікті қаржы полициясы органдары есепті мерзімде құрылыс саласында 37 қылмыстық іс қозғаса, Павлодар облысында — 24, Ақтөбе облысында — 49, Қарағанды облысында 51 қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті