«Тексеру кезінде анықталғанындай, қазан айында кедендік бақылау департаментінің бас маманы бір азаматшаға мерзімді әскери борышын өтеп жүріп, қызметін асыра пайдаланған деген айыппен, бауырына қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс жасаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Департамент қызметкері құқық қорғау органдарының басшыларына пара ретінде беремін-міс деген сылтаумен $3500 мөлшерінде ақша алған екен.
Ақпарат бойынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабының 2 тармағы бойынша қозғалып (алаяқтық), тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жиналған қылмыстық істің материалдары прокуратара органдарына уақтылы тапсырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті