Президент 2008-2010 жылдардағы трансферттер көлемін айқындайтын заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент  2008-2010 жылдардағы трансферттер көлемін айқындайтын заңға қол қойды

Президент 2008-2010 жылдардағы трансферттер көлемін айқындайтын заңға қол қойды

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасы заңына қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2007
  • 339
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі өңірлердің экономикалық дамуын ынталандыру, салық салынатын базаның аясын кеңейту және облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Елордасы әкімдерінің дербестік деңгейін көтеру үшін айқындалған.

Бюджеттік алулар мен субвенциялардан тұратын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі мынадай : 2008 жылы бюджеттік алулар 81 752 134 мың теңге, 2009 жылы — 89 922 302 мың теңге, 2010 жылы — 77 663 111 мың теңге. Бюджеттік субвенциялар 2008 жылы 449 066 155 мың теңге, 2009 жылы — 526 926 835 мың теңге, 2010 жылы — 645 354 441 мың теңге болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті