Семейде 10 ай ішінде шыққан 463 өрттің салдарынан 13 адам көз жұмған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 10 ай ішінде шыққан 463 өрттің салдарынан 13 адам көз жұмған

Семейде 10 ай ішінде шыққан 463 өрттің салдарынан 13 адам көз жұмған

Семей. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде үстіміздегі жылдың 10 айында шыққан 463 өрттің салдарынан 13 адам көз жұмған. Бұл туралы Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің өрт сөндіру қызметі басқармасының бас маманы Айгүл Мирсайтова хабарлады.

  • 28 Қараша 2007
  • 544
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, шыққан өрттер салдарынан келген шығын 8,5 млн теңгеден асып жығылады. Өткен жылдың осы кезеңінде шыққан 523 өрттің салдарынан келген шығын 11 млн теңгедан асқан.

«Өрттің саны 11,5 пайызға, шығынның көлемі 22,5 пайызға төмендегендігі байқалады. Бірақ құрбандардың саны сол деңгейде қалып отыр»,- деп хабарлады А.Мирсайтова. Үстіміздегі жылы тілсіз жау 13 адамның өмірін қиса, өткен жылы шыққан өрттен 14 адам көз жұмған.

«Өрттің басым бөлігі (296) тұрғын үй секторының үлесінде, бұл барлық өрт санының 70,7 пайызын құрайды. Сондай-ақ автокөліктердің өртенуінің өскендігі байқалады, яғни үстіміздегі жылы 36 көлік өртенсе, өткен жылы 23 көлік өртенген болатын»,- деді А.Мирсайтова.

Оның айтуынша, өрттің басым бөлігі абайсыздықтың салдарынан шыққан. «Сондай-ақ өрттің шығуына көбінесе балалардың тентектігі, электр құрылғылары мен тұрмыстық аспаптарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау, пештердің ақаулығы себеп болады»,- деді А.Мирсайтова.

Ол, өрт сөндіру кезінде ғимараттарға өту жолдарының жабық болуы да үлкен проблемалар тудыруда, деп атап өтті. Осыған байланысты өрт сөндіру қызметі басқармасы коммуналдық қызметтердің, сауда базарлары мен басқа да нысандардың басшыларына тұрғын үй ғимарттары мен құрылыстарға өту жолдарын ашуды, өрт сөндіру көліктерінің жүруіне кедергі келтіретін заттарды жолдан алуды өтініп, жүгінген болатын. «Бұл талаптар орындалмаған жағдайда біз қатаң шара қолданамыз, тіптен экономикалық сотқа шағым арыз береміз»,- деді Айгүл Мирсайтова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті