Қазақстанда өрт салдарынан 8 адам қаза болды, олардың арасында 2 бала бар - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өрт салдарынан   8  адам қаза болды, олардың  арасында 2 бала бар

Қазақстанда өрт салдарынан 8 адам қаза болды, олардың арасында 2 бала бар

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттің кесірінен 8 адам қаза болды, оның 2-і бала, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтіме жасай отырып.

  • 28 Қараша 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Маңғыстау облысы Приозерный ауылында жер үйде 20 шаршы метр аумақта шыққан өртті ауыздықтау барысында 4 адамның мәйіті табылды. «Жеті жастағы қыз баланың, бір жастағы нәрестенің денелері мен екі ересек адам табылды», — деді баспасөз қызметіндегілер. Түрлі дәрежеде күйікке шалдыққан екі адам ауруханаға таңылды

Сондай-ақ, Манғыстау облысының Шетпе-1 кентінде 27 қарашада 10.16 техникалық қауіпсіздік сақталмағандықтан, газ баллоны жарылып, 150 шаршы метр жерге жайылған өрттің шығуына себеп болған. Өрт сөндіру кезінде үй иесінің мәйіті табылды. ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 15 адамы және екі техниканы пайдалана отырып тілсіз жау 11.55 сөндірілді.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Әуезов ауылында өртті сөндіру кезінде зейнеткерлік жасқа келген ер адамның денесі табылды. 50 шаршы метр жерді жайлаған өртті сөндіру үшін, ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы және 1 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы Мало-Убинка ауылында екі пәтерлі жер үйде өрт сөндірілді. 120 шаршы метр аумақты жайлаған тілсіз жаудан 2 бала көмір қышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 12 қызметкері және 2 техникасы жұмылдырылып ауыздықталды.

Астанада құрылысы аяқталмаған дүкенде ұшқындаған өрт екі ер адамның өмірін жалмап кетті. Қаза болғандардың кім екендіктері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ 10 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті