«Қосалқы шаруашылық жөніндегі» заң жобасы парламентте осымен үшінші жылы талқылануда. «қазіргі таңда негізінен ауыл тұрғындарында ғана бар бар қосалқы шаруашылық кәсіпкерлік іс-қызметтің түріне жатпайды. Бұл жайт адамдарды көлемді салық төлеуден құтқарып отыр. Ал қазір қосалқы шаруашылықтағы мал санын шектеу мәселесі қаралуда», — деді Т. Қадамбаев.
Депутаттардың мәліметінше, қазіргі жағдаймен мал мен құстардың 82% халықтың қолында өсіріліп жатса, 10%-і ірі ауылшаруашылығы кәсіпорындарының үлесінде.