Қырғызстан президентінің жарлығымен Алмазбек Атамбаев премьер-министр қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президентінің жарлығымен Алмазбек Атамбаев премьер-министр қызметінен босатылды

Қырғызстан президентінің жарлығымен Алмазбек Атамбаев премьер-министр қызметінен босатылды

Бішкек. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президентінің жарлығымен Алмазбек Атамбаев премьер-министр қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2007
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Құрманбек Бакиев Атамбаевты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, ұлтаралық келісімді сақтағаны үшін «Данакер» орденімен марапаттау туралы жарлығына қол қойды — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бүгін үкімет мүшелерімен өткен жұмыс отырысында ол Алмазбеком Атамбаевтың қызметіне жоғары баға берді.

К.Бакиев атап өткеніндей, бұл қызметке келер алдында Атамбаев оппозияция жетекшілерінің бірі болған. Ал оның осы қызметке тағайындауының өзі заман талабына сай болып, авторитарлық режимнің орнына келген жаңа биліктің демократиялық бағытты таңдағанының белгісі.

«Біз мемлекеттік даму мәселесі бойынша басқа ойлары барлармен жұмыс істеуге дайын екендігімізді дәлелдедік. Кейбір мәселеге қатысты көзқарастарымыз түрлі болғанымен, бұл жұмыс оңтайлы жүрді. Мен басқалардың пікірінен қорықпаймын, қорыққан да емеспін. Керісінше, түрлі пікірлер мен шешілу жолдарын іздеп таппайынша, табысқа жету, даму мүмкін емес», — деп атап өтті президент. Атамбаев басқарған үкімет экономикалық жоғарғы көрсеткіштерге жетіп, әлеуметтік мәселелерді шешті. Ал мәселелер үнемі туындаған, туындайды да, олардың пайда болуына ол жауап бере алмайды».

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, Алмазбек Атамбаевтың мемлекет басшысы ретінде қызметінің аяқталғаны түсінікті. «Ол осы қызметке келген кезде негізгі екі мәселені шешпек болған: конституциялық реформаларды аяғына дейін жеткізу, экономиканың тұрақты жұмысын қалпына келтіру. Бүгін көріп отырғанымыздай, бұл мақсаттар орындалды. Алмазбек Атамбаевтың қосқан үлесі зор. Мұны одан басқа жан қалай шешер еді, ол жағын мен білмейтін «, — деді президент.

Өз кезегінде Атамбаев қызметіне жоғары баға бергені үшін президентке алғысын білдірді. «Мен үкімет басшысы қызметінде өзгердім. Оппозицияның да, үкіметтің де бір мақсаты болу керек — елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету және оны өркендету, және екі күштің арасындағы келіссөздер тұжырымды болу керек. Кезінде ел арасында президент пен премьер-министр өзара келісе алмайды екен деген әңгімелер айтылып жүрген болатын, алайда, жұмыс барысында президент маған барлық мәселелер үнемі бойынша қолдау көрсетіп, көмектесті. Мен Құррманбек Салиевичке шексіз алғысымды білдіремін», — деді А.Атамбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті