Мәдениет министрлігі "Мәдениет және өнер" атты жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрлігі "Мәдениет және өнер" атты жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауда

Мәдениет министрлігі "Мәдениет және өнер" атты жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауда

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениет және ақпарат министрлігі 2009-2011 жылдарға арналған "Мәдениет және өнер" атты жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкіметтік сағат барысында еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 635
Фото - Caravan.kz

«2009-2011 жылдарға арналған «Мәдениет және өнер» атты жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасы жасалуда «, — деді Е. Ертісбаев.

«Мемлекеттік бағдарламаның жобасына қамтылатын шаралар ауыл мәдениетін дамыту, мәдени мұраны сақтауға нақты жағдайлар жасауға бағытталады», -деді ол.

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, «»Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың екінші кезеңіне қатысты шаралардың жоспары жасалуда, оның аясында қазір Қазақстан халықтарының рухани даму қорын құру жұмыстары жүргізілуде».

«Оның басты мақсаты — мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігінің негізінде және мәдениет пен бизнес саласының тиімді интеграциясының негізінде, біздің салаға өңірлік мәдени кластерлер құру арқылы инновациялық жүйені енгізу арқылы Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрлерін қолдау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету «, — деді Е. Ертісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті