«Министрлік отандық ақпараттық кеңістікті қорғау мақсатында заңдардың сақталуын қадағалау үшін БАҚ-тарға мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастырды. Тұтастай алғанда қазір отандық телеарналардың эфирінде шетелдерде өндірілген өнімдердің басым түсу ағымы, қолданыстағы БАҚ туралы заңмен реттелмейтін жасырын ретрансляция сақталып отар деуге болады», — деді Е. Ертісбаев.
Оның айтуынша, министрлік қалыптасқан ахуалды түзету , «соның ішінде заңнамалық деңгейде» түзету бағытында бірқатар шаралар қолданды. Нәтижесінде, министрдің айтуынша, «телеарналарда тілдік норманы сақтау мәселесі бойынша біршама ілгерілеушіліктер байқалды».
«Қазақ тіліндегі сапалы бағдарламалардың саны арту ағымы байқалады», -деді Е. Ертісбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті