Жанар-жағармай нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты бар - Индустрия және сауда министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар-жағармай нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты бар - Индустрия және сауда министрлігі

Жанар-жағармай нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты бар - Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жанар-жағармай нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты бар. Бұл туралы бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағатта" индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 736
Фото - Caravan.kz

«Меніңше, сонымен бірге, нарықта монополия орнату жайты да жоқ емес», -деп мәлімдеді Ғ. Оразбақов.

«Жанар-жағармай нарығында зерттеулер жүргізу арқылы біз нарықта бір-бірімен аффилиирлік байланыстағы трейдерлер жұмыс істейді деген тұжырымға келдік, солардың бағаны өзара ымыраласа белгілеуінің салдарынан жанар-жағармай бағасы өсіп отыр», — деді ол, егіс және түсім жинау науқандары барысында бағаның шарықтай түсетінін айта келе.

«Бағаны белгілеуде сөз байласу сөзсіз бар», — деді министр.

Ғ. Оразбақовтың атап көрсетуінше, «мұндай бәсекелестік принципіне қайшы келетін іс-әрекеттерге қатаң тосқауыл қою қажет». Сонымен бірге ол «мұнай өңдеу зауыттарының бір бөлігі доминанттар реестрінде болғандықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес доминанттардың бағасы реттелмейтіндігін де» еске сала кетті.

«Жанар-жағармай өндірісі табиғи монополиялардың қатарына жатқызылмайтындықтан, тиісінше бұл саланы мемлекет реттемейді. Бұл процеске жанама ғана әсер ете алатындығымызды айта аламын», — деді министр.

«Жаңадан құрылған бәсекелестікті қорғау агенттігі бұл бағытта бір мақсатты қиын жұмыстарды жүргізуге тиіс. Осындай монополияларды анықтап, дәлелдеп, оларды ыдырату қажет», — деді Ғ.Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті