Кәрімов Өзбекстан президентінің сайлауында 88,1 % дауыс жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрімов Өзбекстан президентінің сайлауында 88,1 % дауыс жинады

Кәрімов Өзбекстан президентінің сайлауында 88,1 % дауыс жинады

Мәскеу. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның қазіргі президенті Ислам Кәрімов алдын-ала есептеулер бойынша сайлаушылардың 88,1 % дауысын жинады, деп мәлімдеді Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мырза-Ұлықбек Абдулсаламов, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 693
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сүйенсек, Орталық сайлау комиссиясының басшысы Кәрімовқа 13 млн адам өз дауыстарын бергенін хабарлады. Өзбекстанның Халықтық-демократиялық партиясының атынан үміткер болған Аслиддин Рустамов (3,17%) екінші орында, үшінші орында — Социал-демократиялық партиясының өкілі Дилорам Ташмухамедова (2,94%), төртіншіде — Акмаль Саидов (2,85%), деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Өзбек ұлттық «Өза» ақпарат агенттігі хабарлағандай, сайлауға сайлаушылардың 90,6 пайызы қатысқан.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Өзбекстан Республикасының президенттігіне төрт адам үміткер болған. Қазіргі президент Ислам Кәрімовты президенттікке үміткерлікке Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы — Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы ұсынған.

Өзбекстанның социал-демократиялық партиясы төменгі палата — олий мажлис (парламента) вице-спикері Дилорам Ташмухамедовты өз үміткерлері ретінде ұсынған. Аслиддин Рустамов елдегі ең кәрі Халықтық-демократиялық партия атынан сынға түссе, заң ғылымдарының докторы 49 жастағы Акмаль Саидов азаматтардың бастамашыл тобы атынан президенттікке үміткерлікке ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті