Қарағанды облысында күн райына байланысты жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында күн райына байланысты жол жабылды

Қарағанды облысында күн райына байланысты жол жабылды

Қарағанды. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында күн райына байланысты кеше жолдың Қарағанды-Балқаш және Қарағанды-Жезқазған бағытындағы бөліктері жабылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық жол полиция басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Қозғалыс облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қарлы бұрқасын туралы ескертпесі және бекеттерден хабарланған шұғыл жағдай негізінде жабылды», — деп түсіндірді облыстық жол полициясы басқармасында.

«Ауа-райы тыныштала салысымен көлік қозғалысы қалпына келмек», — деп толықтырды басқармада.

Жайсыз ауа райы Павлодар облысында байқалып отыр. «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне облыстық гидрометеорология орталығынан хабарлағандай, «аймақта қатты жел соғып тұр. Ол кейде секундына 22 метрге жетті. Сонымен бірге, 6 метеорологиялық станцияда боран және көру қашықтығы 200-500 метрге дейін төмендегені байқалып отыр».

«25-желтоқсанда Павлодар облысының аумағында қарлы боран, бұрқасын және батыс бағытта секундына 15-20 метр қатты жел болады. Сонымен қатар, ауа температурасы 20-25 градус аязға дейін күрт суытады», — деп болжам жасап отыр метеорологтар.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, «қазіргі уақытта (дүйсенбі, 24-желтоқсанда) 77 техника жұмыста. Электр станцияларында жылуға жеткілікті көмір мен мазуттың қосымша қоры бар».

Сонымен бірге, басқарма қызметкерлері: «жайсыз ауа-райына байланысты көрші Ақмола облысында Астана-Павлодар трассасында көлік қатынасы уақытша жабылды», — деп хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті