Қазақстан үкіметі 2008 жылы инфляцияны ауыздықтау жұмыстарын күшейте түсуді жалғастырмақ ниетте - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі 2008 жылы инфляцияны ауыздықтау жұмыстарын күшейте түсуді жалғастырмақ ниетте - премьер

Қазақстан үкіметі 2008 жылы инфляцияны ауыздықтау жұмыстарын күшейте түсуді жалғастырмақ ниетте - премьер

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі 2008 жылы инфляцияны ауыздықтау жұмыстарын күшейте түсуді жалғастырмақ ниетте. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлімдеді.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Біздің уағдамызға сәйкес, 2008 жылғы басты жұмыс мақсаты инфляцияға қарсы саясатқа бағытталады», — деді Кәрім Мәсімов. «Біздің алдымызда тұрған кезек күттірмес мақсат — баға белгілеуді бақылау, барлық бағыттар бойынша тариф белгілеу мәселелері болмақ», — деді ол.

«Ағымдағы жылдың екіңнші жартысы тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде инфляцияның ырыққа көнбей кеткенін көрсетті. Бұл ағым 2008 жылы да жалғасады деген қауіп бар», — деді премьер. «Сол себепті Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне мен біздің саясатымыздың жалпы дамуына қатысты бірнеше сценарий жасауды тапсырдым. Сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерді талдап, осы бағыттар бойынша жұмыс істейтін боламыз», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті