Қазақстандағы коммуналдық желілерді модернизациялауға 300 млрд теңге қажет - Оразбақов - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы коммуналдық желілерді модернизациялауға 300 млрд теңге қажет - Оразбақов

Қазақстандағы коммуналдық желілерді модернизациялауға 300 млрд теңге қажет - Оразбақов

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы коммуналдық желілерді толық модернизациялауға 300 млрд теңге қажет. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов үкіметтің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Әкімшіліктердің мәліметінше, инженерлік желілерді, электр, жылу және су қамтамасыздығы жүйелері мен кәріз жүйелерін жөндеуге қажетті қаржы көлемі 300 млрд теңгеден асады», — деді министр. Оның айтуынша, «бірақ, бұл сандарды нақтылау қажеттігі тууы да мүмкін».

«Коммуналдық қызметердің сапасы қазіргі 60-70 % шамасында, тіпті кейбір өңірлерде 90%-ға жуық тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеу және реконструкциялау қажеттігімен тығыз байланысты. Соның салдарынан техникалық шығындардың орташа деңгейі 35%-дан асады. Инженерлік желілерде апаттық деңгейдің жоғарылығы да осыдан», — деді Ғ.Оразбақов.

«Келтірілген мәліметтерге сәйкес, бюджет қаржысының есебінен қосымша желілерді тарту арқылы халықты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін көтеру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер көрсететін қазіргі бар кәсіпорындарды дамыту мен жаңасын құруға ынталандыру қажет деп санаймыз», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті