Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі республика жолдарындағы қар бөгеттерін жою үшін шаралар қолдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі республика жолдарындағы қар бөгеттерін жою үшін шаралар қолдануда

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі республика жолдарындағы қар бөгеттерін жою үшін шаралар қолдануда

Астана. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі республика жолдарындағы қар бөгеттерін жою үшін шаралар қолдануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 599
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Шақпақ-баба мен Машат асулары арқылы Алматы — Шымкент тас жолын тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бөгеттерді жою үшін жол қызметі тартылып, сегіз бірлік техника жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі сондай-ақ, бүгін таңертең Оңтүстік Қазақстан облысында боран мен көз түрткісіз тұман салдарынан өткен дүйсенбінің 13 сағатынан бері жабық тұрған Қазығұрт асуында көлік қозғалысының қалпына келтірілгендігін хабарлады. Сонымен қатар арнайы қызмет жолдарда көк тайғақтың сақталып отырғандығын ескертеді. Және де 23-желтоқсанның кешінен бері қозғалыс тоқтаған Отаман-Бұлақ асуы да ашылған. Қазіргі уақытта Шыбықбел, Таскөмірсай асулары қардың басып қалуы салдарынан жабық күйде қалып отыр.

Баспасөз қызметінің хабарламасында, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар барлық көлік жолдары ашық, деп атап көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті