Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 26 желтоқсанда сағат 03.11, 051 пультіне Алматы әуе жайы территориясында жеке меншік ұшақтың жарылғаны жөнінде хабар келіп түсті.
Оқиға орнында анықталғанындай, Гоновер-Гонконгқа бағыт алған Германияның жеке меншік «Джет конекшн бизнес флайт» компаниясының № LCX826 рейсті «Гольфстрим (CL)-60″ ұшағы Алматы әуежайына отын толтырып алу үшін қонған».
«Сағат 03.05 шығыс жаққа бағыт алған ұшақ белгісіз бір себептермен ұшырылу жолынан тайып, темірбетонды дауалды жарып кеткен. Содан соң 400 метр жерді өткеннен кейін, кенеттен жарылып, толық өртеніп кетті», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ұшақта 4 адам болды. Біреуі-жолаушы, үшеуі экипаж мүшесі. Апат салдарынан екі ұшақ жүргізушісі, жолсерік қыз төртінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ал жолаушы қаза болып, оның кім екені анықталып жатыр.
Әуе апатының себеп-салдарын азаматтық авиация комитеті анықтайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті