Өзбекстан үкіметінде өзгерістер болуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан үкіметінде өзгерістер болуы ықтимал

Өзбекстан үкіметінде өзгерістер болуы ықтимал

Ташкент. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның қайта сайланған президенті Ислам Кәрімов республика үкіметінде алмастырулар жасау ниетінде. Сарапшылардың пайымдауынша, министрлер кабинетінде орын ауыстырулар жақые арада басталып кетуі мүмкін. Оның үкіметтің жыл сайынғы отырысы кезінде болу ықтималдығы жоғары. Ол әдеттегідей ақпан айының 15-16 жұлдызында өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Премьер-министр Шавкат Мирзозияв бағаның шарықтауы мен бірқатар азық-түлік пен тауарлардың жетіспеушілігіне байланысты жауабын дайын қылуы керек. Оны республикадағы көп адамдар қолдан жасалған деп есептейді», — деп хабарлады «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне Өзбекстан үкіметіндегі ақпарат көзі. Оның айтуынша, сайлау алдында әлеуметтік салада шұғыл қабылданған шаралар -аз қамтылған жанұяларға мемлекеттік бюджеттен материалдық жәрдем беруді 1,5 есеге ұлғайту бюджетке ауыр тиген. «Бұған біреу жауап беруі керек», — деп атап көрсетті ақпарат көзі «премьер тағдыры президент қолында отырғанына» емеурін жасай отырып.

Ақпарат көзіне сүйенсек, негізінен Ташкентте қазірдің өзінде премьер-министр орынтағына жаңа үміткер Рустам Азимовты талқылау үстінде. Қазір ол вице-премьер лауазымында және халықаралық қоғамдастық алдында Өзбекстан атынан шығып жүр. Өзбек сарапшыларының ойынша, Азимов Каримовтың ізбасары рөлін ойнауы мүмкін. «Қазір республикада президент-премьер — шығыс үлгісіне салынған Ресейлік сценарий талқыланып жатыр», — деді өз атын атамауды өтінген сарапшы «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне.

Кеңес академиктерінің жанұясынан шыққан Рустам Азимов карьерасын 90-жылдардың басында бастаған. Ықпалды Ташкент әулеттерінің жас өкілі Ислам Кәрімовтың назарын өзіне жылдам аударды. Азимовтың айтарлықтай қызметтік өсуі оның сыртқы экономикалық қызметтегі Ұлттық банк басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалуынан кейін басталды. Сосын біраз уақыт ол республиканың қаржы министрі болып жұмыс істеді. Одан кейін алғашында премьер-министрдің орынбасары, кейіннен бірінші орынбасары қызметіне жоғарылатылды. Ол соңғы қызметінде елдің бүкіл қаржылық-экономикалық кешенін жеке өзінің бақылауына алып, республикаға инвестиция тартумен айналысты.

Егер Азимов премьер-министр болса, мүдделері соңғы кезде Өзбекстанда жиі-жиі қақтығысып қалып отырған Ресей мен Қытай инвесторлары арасында бірқалыпты, епті саясат жүргізуіне тура келуі мүмкін. Сыртқы саясатты Мәскеу және Пекинмен ынтымақтастыққа үйлестіре отырып, Ташкент Әндіжан оқиғалары кезінде тоқтатылған Батыспен толық көлемдегі қарым-қатынастарды қайта қалпына келтіруге тырысуы хақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті