Мәжіліс туристік қызмет мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс туристік қызмет мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс туристік қызмет мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс дерутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кейбір заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы экономиканың бір басымдық берілген бағыты ретінде туризмді одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған.

Түзетулермен «Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс», «Туристік қызмет туралы» заң, «Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заң, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң, «Лицензия беру туралы» заңдар секілді бес заңнамалық актіге өзгерістер енгізіледі.

Атап айтсақ, Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске Қазақстан Республикасының туристік іс-қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын бап енгізіледі.

Туристік іс-қызмет туралы заңнамаға енгізілетін түзетулермен үкімет, уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы орган арасындағы құзырет аясы шектеледі. Сонымен бірге, уәкілетті орган туристік қызметпен айналысатын тұлғалардың мемлекеттік реестрін жүргізеді.

«Лицензия беру туралы» заңға халықаралық және ішкі туризм саласындағы іс-қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібіне өзгерістер енгізіледі.

Бұл заңды қабылдау «өңірлерде туристік кластерлерді одан әрі дамыту, серпінді жобаларды жүзеге асыру, тартымды туристік имидж қалыптастыру, туризм саласындағы жаңаша көзқарастарды қамтамасыз ету, туристік саланы дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру» секілді мақсаттарды жүзеге асыруға септігін тигізбек.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті