Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды

Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды

Қарағанды. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында ауа температурасы 30 градустан төмендеп, қатты аяз болуына байланысты мектептердегі 1 - 11 сыныптарда және де колледждерде сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық білім беру департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, «шешім Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ақпараттары мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы № 509 бұйрығы негізінде қабылданып отыр».

«Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек, Қарағанды облысының аумағында 25-желтоқсанда түнде ауа температурасы минус 22 — 27 градус, ал кейбір жерлерде 30 градусқа дейін төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті