Қарағанды облысында осы түнде дизель отынымен жүретін көліктердің шығуына тыйым салынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында осы түнде дизель отынымен жүретін көліктердің шығуына тыйым  салынуы мүмкін

Қарағанды облысында осы түнде дизель отынымен жүретін көліктердің шығуына тыйым салынуы мүмкін

Қарағанды. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында 26 - 27 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендесе, онда алыс жолдарға шығатын көліктердің жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы агенттік тілшісіне жол полициясының басқармасы (ЖПБ) хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Бұл дизель отынымен жұмыс істейтін автобустарға, жеңіл және жүк көліктеріне қатысты», — деп атап кетті ЖПБ облыстық баспасөз қызметінің қызметкері Наталья Сунайт. «Тіпті қысқы солярка қолданылғанның өзінде қатты аязда ол қатып қалады. Яғни, адамдар түнде жолда қалып, оларға көмек көрсетілмеуі мүмкін «, -деді ол.

«Біқ Астананың ЖПБ телефон шалып, олар тарапынан Қарағанды бағытында жүретін қозғалыстарға шектеу жасайтыны жөнінде уағдаластық «, — деді Н. Сунайт.

Мұндай шектеулер кеше 25-26 желтоқсанға қараған түні қолданылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті