Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігінің жетекшісі болып Қайрат Келімбетов тағайындалды.
«Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне мен экономикалық блокты басқарған Қайрат Келімбетовты тағайындадым»,- деді президент.
«Осыған байланысты мынадай ауыс-түйістер болды: «Қазына Тұрақты даму қоры» АҚ-ның басшысы болып Арман Дунаев тағайындалды, ол ҚР Қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қадағалау агенттігінің төрағасы болғаны белгілі»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Дунаевтың орнына Елена Бахмутова тағайындалды»,- деді ол.
Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Әділбек Жақсыбеков «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Мен Әділбек Жақсыбековты «Нұр Отан» партиясындағы өзімнің бірінші орынбасарыма тағайындадым. Ол сондай-ақ, партиядағы өз функциясын атқаруға қолайлы болуы үшін ел президентінің кеңесшісі болады»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті