"Олар өмірге келгеніне кінәлі емес": Мөлдір Мұқан өзі мен балаларын тастап кеткен Қабатовқа үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Олар өмірге келгеніне кінәлі емес": Мөлдір Мұқан өзі мен балаларын тастап кеткен Қабатовқа үндеу жасады

"Олар өмірге келгеніне кінәлі емес": Мөлдір Мұқан өзі мен балаларын тастап кеткен Қабатовқа үндеу жасады

Танымал продюсер Мөлдір Мұқан өзі мен балаларын тастап, жас әйелге кеткен бұрынғы күйеуіне мәлімдеме жасады.

  • 31 Шiлде
  • 9
Фото: Instagram/moldir_mt

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мөлдір Мұқан өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Әкелер, ақ некемен дүниеге келген ұл-қыздарыңды тастамаңдар. Олар өмірге келгеніне кінәлі емес. Тастағандар Алланың аманаттарына қиянат жасағандар. Үлкен күнә…», — деп жазды ол.

Скриншот: Instagram/moldir_mt

Айта кетейік, жыл басынан бері өнерлі отбасының ажырасуы туралы ақпарат көпшілікті дүр сілкіндірген еді. Мөлдір Мұқанова алғаш рет көптің алдына шығып, жайдарманшы Тұрсынбек Қабатовпен ажырасып кеткендерін мойындаған болатын. Сондай-ақ, оның балаларымен жөнді араласпайтынын жеткізген еді. Артынша Қабатов бұл ақпаратты жоққа шығарып, қыздарымен араласатынын айтқан. Бүгінде әзілкеш екінші әйелі және балаларымен тұрып жатыр. Көпшілік оны әлі де қатаң сынның астына алады.