Назарбаев Иордания королін Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.59
  • 544.68
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Иордания королін Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды

Назарбаев Иордания королін Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды

Алматы. 24-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания королін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Кеше мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Иордания Хашимиттік Корольдігінің королі ІІ Абдалла бен Хусейн бен Талалмен телефон арқылы әңгімелесті», — деп хабарлады баспасөз орталығы.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Иорданияның екі жақты ынтымақтастығын дамытудағы бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, Елбасы үстіміздегі жылы Қазақстан премьер-министрі К. Мәсімовтың Иордания Корольдігіне жұмыс сапары жоспарланып отырғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті