Алматы облысында көліктің ішінде өртеніп кеткен адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында көліктің ішінде өртеніп кеткен адамның мәйіті табылды

Алматы облысында көліктің ішінде өртеніп кеткен адамның мәйіті табылды

Алматы. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында көліктің ішінде өртеніп кеткен бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 414
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметтері бойынша, Алматы облысының Каменка ауылында 23 қаңтарда сағат 8.56 жер үйлердің бірінде «Фольксваген» көлігі өртенген. Өртті сөндіру кезінде көліктің ішінен бір адамның мәйіті табылды. Қаза болған адамның кім екені әзірге анықталмады.

Тілсіз жау ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 9.13. ауыздықталды. Оның жұмысына бірлік техника және жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті