«АҚШ билік өкілдері Қырғызстанның тәуелсіз мемлекет болу кезеңінде әрқашан көмек көрсетіп, қолдайтын болады. Бұл сауда- экономикалық, мәдени- гуманитарлық саларындағы тығыз қарым -қатынастарына да қатысты болады. Біз Қырғызстан жағына есірткіге қарсы күрес жұмысына байланысты нақты көмек көрсететін боламыз. Бұл -аймақта тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап қалатын маңызды себептердің бірі», — деп атап өтті Мари Йованович.
Бұдан басқа екі ел өкілдері екі жаққа тиімді әрі маңызды болып отырған бірқатар мәселелерді талқылады. Олар Қырғызстанның «Счет вызовов тысячелетия» атты бағдарламасына кіру мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл мәселе бойынша келісім жобасы Қырғызстанның салалық комитетіне жіберілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті