Жезқазғанда президенттің қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған форум ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда президенттің қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған форум ашылды

Жезқазғанда президенттің қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған форум ашылды

Жезқазған. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жезқазғанда президенттің қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған форум ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша, форумның негізгі мақсаты, «елдегі бизнес құрылымдарының болашаққа бағытталған дамуы барысындағы әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі индикаторларын анықтау».

Форумның жұмыс қорытындысы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуметтік-еңбек қатынастары саласының аясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ішкі және сыртқы негізгі индикаторларын анықтайтын Жаһандық келісім қағидаларын кеңінен тарату жөнінде, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әлеуметтік салада өз үлестерін қосатын бизнес құралымдары арасында келісім -шартқа қол қойылу көзделген.

Форумның жұмысына парламент депутаттары, президент әкімшілігінің өкілдері, үкімет мүшелері, кәсіподақ федерациясы, аймақтық жетекші кәсіпорындарының қызметкерлері және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті