"Нұр Отан" партиясының филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" партиясының филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады - президент

"Нұр Отан" партиясының филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады - президент

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" партиясының филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады. Бұл туралы мемлекет басшысы кеше Қазақстанның "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасының мүшелерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 471
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, республикамызда «сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаланған шенеуніктер мен құқық қорғау органы өкілдерінің саны 40%-ға артты». «Бүгін мемлекеттік шенеуніктердің жалақысының көлемі де ұлғайтылды, құқық қорғау органдарында да барлық жағдайлар жасалуда», -деді ол. «Дегенмен, сыбайлас жемқорлық әлі де тыйылмай отыр, өйткені, кәсіпкерлер өз проблемаларын шешудің оңай әрі қысқа жолдарын іздейді», — деді Н. Назарбаев.

«Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы сіздерге үлкен көмек бола алады. «Нұр Отан» партиясының қалалық және аудандық барлық филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестер құрылады», — деді президент. «Бұл жұмысқа еліміздің арнаулы органдары да жұмылдырылады. Біз ақша бопсалайтындарды анықтап, лайықты жазасын беруге тиіспіз», -деді мемлекет басшысы. «Сонда ғана біз осынау зұлматпен күресіп, еліміздің беделін көтере аламыз», -деп қорытты Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті