Жанармай құятын станциядағы «Протон-М» зымыран тасығышында түпкілікті дайындық шаралары жүргізілуде. Бүгін таңертең «Бриз-М» үдеткіш блогының төмен қысымды бактарына отын құю аяқталды.
Дайындық жұмыстарын жалғастыру және «Протонды» №200 алаңның ұшырылым қондырғысына шығару жөніндегі шешім бүгін мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданады.
«Протон-М» зымыран тасығышы мен «Экспресс-АМ33» ғарыштық аппаратын ұшырылым кешегіне шығару 25 қаңтарға жоспарланған.
Қазір М. Хруничев атындағы орталы, ОМ конструкторлық бюросы мен «Байқоңыр» Федераллық ғарыш орталығының мамандары №200 алаңның ұшырылым кешеніне тексерулер жүргізуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Экспресс-АМ33» ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. «Экспресс-АМ33» байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.
Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда «ғарыштық қоқыспен» соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған «Экспресс-АМ11» геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.
«Экспресс-АМ33» ғарыштық аппараты «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті