Комиссия жетекшісі мәжіліс депутаты Аманжол Жазин отырыс барысында мәслихаттар қызметінің белсенділігін арттыру қажеттігін атап көрсетті. Олар аймақтық мәселелерді шешер кезде жергілікті атқару органдарымен бірлесе әрекет етулері тиіс.
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, атап айтқанда, комиссия мүшелері мәслихат депутаттарына жергілікті деңгейде бюджетті құрып және оны бекітуге, содан кейін атқару органдарының оны қалай орындап жатқанына бақылау орнатуына мүмкіндік беретіндей тиісті заңға өзгерістер енгізу керектігін атап көрсеткен.
Сонымен қатар, отырыс барысында Қарағанды облысының Балқаш қалалық мәслихатының хатшысы Ирина Сторожко мәслихаттардың бақылау функциясын іске асыру үшін сарапшыларды тарту қажеттігін айтқан.
Комиссияның келесі отырысы кеңес жұмысының жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 21-ақпанына жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті