«Әзірге, тергеу мүддесіне орай тұтқындалғанның аты-жөні аталмай отыр. 35-жасар күдікті бұрын атақты спортшы және жүзуден спорт шебері болған», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.
«Ол келіп түскен шұғыл ақпарат бойынша тұтқындалды. Тінту кезінде одан 3 грамм героин табылды. Сондай-ақ, оның пәтерінен тағы бір грамм героин мен Макаров тапаншасының 10 оғы алынды», — деді А. Иманғалиев.
Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, тұтқындалушы жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінде болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті