ENRC Қазақстан бизнесінің дамуына 2,8 млрд АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ENRC Қазақстан бизнесінің дамуына 2,8 млрд АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр

ENRC Қазақстан бизнесінің дамуына 2,8 млрд АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр

Астана. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Еуразия табиғи ресурстар корпорациясы Қазақстан бизнесінің дамуына 2,8 млрд АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуі кезінде корпорацияның бас директоры Иоханнес Ситард мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Қаңтар 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында И. Ситард К. Мәсімовты корпорацияның инвестициялық стратегиясы жөнінде хабардар еткен. Оған сәйкес, ENRC Қазақстан бизнесінің дамуына 2,8 млрд АҚШ долларын бөлуді жоспарлап отыр.

«Тараптар Қазақстанның тау-кен холдингінің акцияларын Лондон қор биржасына шығару қорытындысын талқылады», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Компания басшыларының пайымдауынша, ІРО-ны табысты жүргізу және оны одан әрі қарай капиталдандыру ENRC корпорациясының Қазақстандағы инвестициялық жобаларының әрі қарай да жүзеге аса беруіне ықпал етпек.

И. Ситард ENRC акционерлерінің атынан премьер-министрге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, компанияның үкіметпен табысты қарым-қатынасы Қазақстанда бизнесті дамыта беруге, қосымша жұмыс орындарын құруға және қорытындысында тау-кен саласынан макроэкономикалық қайтарымдылықты ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті