Қазақстан мен Қытай барлық бағыттар бойынша қарым-қатынастарды дамытуға ықыласты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай барлық бағыттар бойынша қарым-қатынастарды дамытуға ықыласты

Қазақстан мен Қытай барлық бағыттар бойынша қарым-қатынастарды дамытуға ықыласты

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қытай барлық бағыттар бойынша қарым-қатынастарды дамытуға ықыласты. Бұл туралы кеше Қытай Халық Республикасындағы ресми сапары аясында Қазақстан парламенттік делегациясының басшысы Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның кездесуінде атап көрсетілді, деп хабарладйы агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қаңтар 2008
  • 788
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қ.Тоқаев президент Н.Назарбаевтың Қытай басшысына ізгі тілектестігін және біздің мемлекет басшысы ҚХР-мен қарым-қатынастарды дамыту мен нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде санайтынын жеткізді.

Қазақстан сенатының төрағасы бұл сапар біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам екенін атап өтті. Қазақстан Қытаймен өзара белсенді іс-қимылды өрістетуге ниеттеніп отырғанын, «біз барлық бағыттар бойынша қарым-қатынастарды дамытуға ықыласты» екеніміз айтылды.

Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында екіжақты төтенше маңызды келісімдерге қол қойылғанын және олар жүзеге асуы тиіс екенін атап өтті. Парламентаралық өзара іс-қимылға тоқталған ол экономиканы нарыққа бағдарлауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі Қытай тәжірибесіне назар аударды.

Болашаққа бағдарланған өзара тиімді әріптестік бағыттарының маңыздылығын атап өте келіп Қ.Тоқаев: «Сіз біздің мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға орай байыпты баға бердіңіз» деді.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының келешегі туралы айта келіп Ху Цзиньтао: «Мен екі ел арасындағы қатынастарды дамыту жөніндегі Сіздің көзқарасыңызға толық қосыламын. Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынастар орныққаннан бері 16 жыл бойы Қытай-Қазақстан арасындағы көпжақты байланыстар табысты дамып келеді. Біз президент Нұрсұлтан Назарбаев екеуміз ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілдік» деп атап өтті ҚХР төрағасы.

Екіжақты ынтымақтастықтың дамуындағы сауда-экономикалық қатынастардың маңыздылығын атап өте келіп, Қытай басшысы өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 14 миллиард долларды құрағанын, бұрнағы жылмен салыстырғанда 66 пайызға артқанын хабарлады.

«Біз Қазақстанмен ынтымақтастыққа ерекше назар аударамыз — бұл біздің еліміздің сыртқы саяси бағытындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Біз достығымызды тереңдету, екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді салуға әзірміз. Біздің сауда-экономикалық, көлік, инфрақұрылым құрылысы, шикізат емес салалардағы ынтымақтастығымыздың елеулі әлеуеті бар. Біз бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударамыз», деп атап өтті Ху Цзиньтао.

Ол сондай-ақ Қытай мен Қазақстан парламенттерінің араласуынсыз мемлекетаралық қарым-қатынастардың көпжақты ынтымақтастығындағы барлық салалар табысты дами алмайтынын атап өтті. Парламентаралық байланыстарды нығайту біздің елдеріміз арасындағы достықты дамытуға және тереңдетуге пайда әкеледі.

Қазақстан сенатының төрағасы халықаралық қоғамдастық үшін Пекинде өтетін олимпиада ойындардың ерекшелігін жоғары бағалады және оның пікірінше осы шаралар ол пайда болған кезден бастағанда ең жақсысы бола алады. Ол сондай-ақ «Цяньмэнь» шетел тілдері мектебінің оқушылары 2008 жылғы Олимиадаға қатысатын Қазақстанның ұлттық құрамасына жанкүйер болуына орай ризашылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті