«Сотталғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабының 1 тармағының 3 тармақшасы бойынша (Қоғаманн оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызмет тәртібін бұзу) айып тағылды. Бұл баптың бірінші тармағында мекеме қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында дене мүшелерін зақымдауы үшін жазалау, ал үшінші тармағында мекеме қызметкерлеріне алдын ала ымыраласу арқылы өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолданғаны үшін жазалау қарастырылған. Үшінші тармақ бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Қолданылған жаза тұтқындардың бұрынғы мерзіміне қосылады», — деді Е. Құлжабаев.
Процесті судья Сержан Айнабеков жүргізуде. Қылмыстық іс 24 томды құрайды. Сот процессі жаңа тергеу абақтысында өтуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 19-20 мамырында Шымкенттегі ИЧ 169/2 түрмесінде қамаудағылар тәртіпсіздік тудырған. Жаппай өз-өзіне қол жұмсау деректері тіркелді. Ресми мәліметке сәйкес, 77 адам өзін-өзі жарақаттады. Түрмедегі тәртіпті қалпына келтіру үшін ОМОН бөлімшелері тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті