«Облыс әкімшілігінің ішкі саясат департаментінің директоры болып Әлия Мұхамеджанова тағайындалды»,- деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
«Облыс департаменттерінің барлық директорларының ішінде тек ішкі саясат департменті бастығының кандидатурасы ғана президент әкімшілігімен келісіледі»,- деді мекеменің жаңа басшысын таныстырған М. Құл-Мұхаммед.
Әлия Мұхамеджанова — экономика ғылымының докторы, профессор. Соңғы жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры, аймақтық біліктілікті көтеру орталығының директоры, одан кейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед үстіміздегі жылы бірінші рет кадрлық тағайындау жүргізді. Ішкі саясат департаментінің бұрынғы директоры Гайнулла Жарқынбаев Қызылорда әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті