Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты ұшырылды

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты ұшырылды

Байқоңыр. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда 2008 жылғы алғашқы "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппаратының ұшырылымы жүзеге асырылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Экспресс-АМ33» ғарыштық аппараты «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылды.

Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатылары ұшырылым циклограммасының уақыты бойынша дәлме-дәл бөлінді. Ғарыштық аппарат «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен тірек орбитаға шығарылды.

«Бриз-М» үдеткіш блогы мен жер серігінің зымыран тасығыштың үшінші сатысынан бөлінуі штатты жағдайда жүзеге асырылды.

«Экспресс-АМ33» зымыран тасығышы «Бриз-М» үдеткіш блогының қозғалтқышын қосу арқылы 36 мың шақырым биіктікке геостационар орбитада шығыс бойлықтың 96,5 градустық нүктесіне шығару мен «Бриз-М» үдеткіш блогының бөлінуі Астана уақытымен 15 сағат 20 минутқа есептелген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Экспресс-АМ33» ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. «Экспресс-АМ33» байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда «ғарыштық қоқыспен» соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған «Экспресс-АМ11» геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті