"КазТрансГаз" Өзбекстаннан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне газ беруді қалпына келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"КазТрансГаз" Өзбекстаннан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне газ беруді қалпына келтірді

"КазТрансГаз" Өзбекстаннан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне газ беруді қалпына келтірді

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "КазТрансГаз" АҚ Өзбекстаннан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне, атап айтсақ, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына газ беруді қалпына келтірді. Бұл туралы агенттікке компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 349
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 — 18 қаңтарында «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Газпром»ААҚ мен «Өзбекнефтегаз» АҚ арасында шұғыл келіссөздер жүргізіліп, оның барысында тараптар Қазақстанға 100 млн текше метр қосымша табиғи газ беруге келісті.

«Орталық Азия аймағында суық ауа райының сақталуына қарамастан, газ көлемінің ұлғайтылуы елдің оңтүстік өңіріне газ берудің қалыпты режимін жаңғыртуға мүмкіндік берді. 28 қаңтардағы жағдаймен Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі барлық өнеркәсіп орындары газға қайта көшіріліп, қалыпты жағдайда жұмыс істеуде», -делінген баспасөз баянында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Газпром»ААҚ мен «Өзбекнефтегаз» АҚ келісім-құқықтық міндеттемелерге сәйкес, 2008 жылы Қазақстанның оңтүстігіне 3,5 млрд текше метр көлемінде өзбек газын беру жоспарланған. Алайда, 2007 жылдың желтоқсан айының үшінші онкүндігінде Өзбекстаннан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жіберілетін табиғи газдың 40 процентке қысқаруына алып келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті