Астанада мемлекеттік тұрғын- үй бағдарламасы бойынша тұрғызылатын нысандардың құрылысы мен бөлінген қаржыны бақылайтын екі жұмыс тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекеттік тұрғын- үй бағдарламасы бойынша тұрғызылатын нысандардың құрылысы мен бөлінген қаржыны бақылайтын екі жұмыс тобы құрылды

Астанада мемлекеттік тұрғын- үй бағдарламасы бойынша тұрғызылатын нысандардың құрылысы мен бөлінген қаржыны бақылайтын екі жұмыс тобы құрылды

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада мемлекеттік тұрғын- үй бағдарламасы бойынша тұрғызылатын нысандардың құрылысы мен бөлінген қаржыны бақылайтын екі жұмыс тобы құрылды . Бұл туралы үкіметтің селекторлық жиналысында ҚР вице-министрі Өмірзақ Шүкеев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Біз Астанада екі топ құрып, оның біріншісін қала әкімі Асқар Мәмин, екіншісін индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов басқарады «, -деп хабарлады Ө. Шүкеев.

«Жұмыс топтары құрылыс кестесін, оның екінші деңгейдегі банктер тарапынан жүргізіліп отырған қаржыландыруын, «Қазына» ТДҚ қаржы бөлуін және құрылыс нысандарының капиталандыру графигін бақылайтын болады», -деп түсіндірді ол.

«Бұл мәселелер бойынша түйіткілдер туындайтын болса, сол бойынша шұғыл әрекеттер мен шешімдер қабылданатын болады «, — деп атап өтті Ө. Шүкеев.

Ол атап өткеніндей, жұмыс топтары Астана бойынша бөлінген бюджеттік қаржыны игерудің механизмін толық жолға қоймайынша, «басқа құрылыстар қаржыландырылмайды».

Вице-министрдің ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктер Астанада 112 құрылыс нысанның тұрғын-үй бағдарламасы бойынша қаржыландыруы тиіс 6 ғимарат бойынша құрылыс компанияларымен қарым -қатынас жасаудан бас тартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті