ҚР Бас прокуратурасы ішкі істер органдары мен қаржы полициясы жасырған 3,5 мың қылмысты анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуратурасы ішкі істер органдары мен қаржы полициясы жасырған 3,5 мың қылмысты анықтады

ҚР Бас прокуратурасы ішкі істер органдары мен қаржы полициясы жасырған 3,5 мың қылмысты анықтады

Астана. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бас прокуратурасы ішкі істер органдары мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі жасырған 3,5 мың қылмысты анықтады. Бұл туралы жұма күні Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде бас прокурор Рашид Түсіпбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

Р. Түсіпбековтың айтуынша, «тек 2007 жылы прокурорлар ішкі істер органдары мен қаржы полициясы жасырған, тіркелмеген 3 мың 445 қылмысты анықтап, тіркеуге алды».

Ол бұл мәселедегі заңдылықты бұзғаны үшін Бас прокуратураның ұсынуымен 2 мың 414 шұғыл тергеу қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап көрсетті. «Ендігі жолы ұсынылған кінәлілердің жазасын қылмыстық жауапкершілікке дейін ұлғайтуды қажет деп санаймын», — деді ол. «Тек орындаушылар ғана емес, олардың басшылары да жауап берулері керек», — деді сондай-ақ, бас прокурор.

«Қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісімен бірге біз тергеу органдарынан қылмысты анықтау және тергеу сапасын жоғарылатуды да талап етуге құқылымыз. Өкінішке орай, біз бұған әлі жеткен жоқпыз. Қылмыстық процессуалдық заңнаманың жиі бұзылуы, қылмысты тіркеуге алудан жасырудағы теріс тәжірибе, азаматтардың конституциялық құқының бұзылуы, кейбір қызметкерлердің төмен деңгейі мен қиянатшылдығы — осының барлығы қылмыспен күрес жағдайына теріс әсер етіп, құқық қорғау жүйесінің қоғам алдындағы беделіне нұқсан келтіреді», — деп атап көрсетті Р. Түсіпбеков.

Мұнай құбырларынан жанар-жағармай, сондай-ақ, қара және түсті металдарды ұрлау деректері қылмыстық тергеу органдарының шұғыл қызметінің сыртында қалып жатыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өз мақсаттарын орындау және қылмыстық қудалаудан қорғанысты қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан қылмыстық топтар мемлекеттік билік жүйесіне өз өкілдерін енгізу белсенділігін күннен-күнге арттыруда. Мұндай деректер Жамбыл, Ақтөбе және өзге де облыстарда орын алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті