Елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рейдерлікке қатысу тенденциясы байқалып отыр - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рейдерлікке қатысу тенденциясы байқалып отыр - Бас прокуратура

Елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рейдерлікке қатысу тенденциясы байқалып отыр - Бас прокуратура

Астана. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің рейдерлікке қатысу тенденциясы байқалып отыр. Бұл туралы жұма күні Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде бас прокурор Рашид Түсіпбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Соңғы кездері сот және құқық қорғау органдарын өзгенің бизнесін тартып алу бойынша рейдерлік кестелерге пайдалану үрдісі байқалып отыр», — деді бас прокурор.

«Қолда бар ақпараттарға сүйенсек, құқық қорғау рэкеті көлеңкелі экономиканың келесі салаларын бақылауларына алған. Олар қара және түсті металдарды, көмірсутегі шикізатын ұрлау, есірткі тасымалына көмектесу және ұйымдастыру, арақ, спирт бизнесі, тауарлардың контрабандасы», — деді ол.

«Сыбайлас жемқорлықты басу үшін бірінші кезекте құқық қорғау және сот жүйесінде тәртіп орнатып алу керек», — деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті