Қарағанды облысында кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Қарағанды облысында кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Астана. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 26-қаңтарда Қарағанды облысының кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы, кеден қызметінің капитанын пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 370
Фото - Caravan.kz

«26-қаңтарда жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен Қарағанды облысының кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы, кеден қызметінің капитаны құрықталды. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кедендік бақылау департаментінің қызметкерінен 700 АҚШ доллары көлемінде пара алған»,- деп хабарлады кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-бабына сәйкес ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы құрықталып, Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті