Алматыға төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келеді

Алматыға төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келеді

Алматы. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыға Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, министрдің Алматыға сапары 31-қаңтар мен 3-ақпан аралығында жоспарлануда. Сапар мақсаты министрліктің аймақтық органдарының жұмысымен танысу.

Сапар барысында В. Божко Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар ардагерлерімен, қала қызметтерінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында министрдің сейсмология институтына баруы жоспарланған.

Сондай-ақ, В. Божко тікұшақпен ұшып, Іле Алатау тауларындағы жағдаймен және гидротехникалық ғимараттардың ахуалымен танысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті