ТЖМ мәліметінше, 28 қаңтарда 14 сағат 20 минутта Балхаш қаласында «Балхашцветмет» өндірістік бірлестігінде мыс қорыту цехының жұмысшысы өндірістік жарақат салдарынан қаза тапты.
«Темір әзірлемені шығыранмен тасымалдау барысында трос үзіліп кету салдарынан бір жұмысшы жарақат алып оқиға орнында жан тапсырды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті