Таразда үш адам бензин толы цистернаға құлап, оның екеуі мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда үш адам бензин толы цистернаға құлап, оның екеуі мерт болды

Таразда үш адам бензин толы цистернаға құлап, оның екеуі мерт болды

Тараз. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Таразда үш адам "РТС-ОЙЛ" ЖШС-нің бензині бар 30 тонналық цистернаға құлап, екеуі қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінде хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 414
Фото - Caravan.kz

Полиция қатарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, алдын ала болжам бойынша күзет қызметі байқамаған екі белгісіз тұлға фирма аумағына кіріп, жанармайды ұрлап әкетпекші болған. «Әзірге олардың цистерна ішіне қалай құлап кеткендері белгісіз. Айғайды естіген күзетші полицияны шақырып, уақыт өткізбес үшін өз туысынан ұрыларды цистернадан шығаруды өтінген. Алайда ол да бензинге құлап кеткен».

Зардап шегушілерді цистернадан Тараз құтқару отрядының қызметкерлері шығарып алды. Үшінші зардап шегуші — ұрыларды шығармақшы болған күзетшінің туысы ауыр дәрежелі уланумен қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті