ҚР президенті республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

ҚР президенті республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Астана. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

Сайт ақпаратына сүйенсек, Есеп комитетінің төрағасы Президентке өткен жылдың төртінші тоқсанында жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері туралы баяндаған.

О.Өксікбаев салық органдарының олқылықтары салдарынан республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға қажет резервтер қолданылмай қалды деген пікір білдірді.
«Мен жалпы алғанда, 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөнінде, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан жіберілген кемшіліктер жөнінде баяндадым. Мемлекет басшысы бақылау шараларының тиімділігін күшейту, Есеп комитеті қызметінің әдістемелік және заңнамалық базасын нығайту жөнінде тапсырма берді», — деді О.Өксікбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті