Мәдениет және ақпарат министрі мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және ақпарат министрі мәдениет қызметкерлерінің  жалақысын  көбейтуді ұсынып отыр

Мәдениет және ақпарат министрі мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді ұсынып отыр

Астана. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениет саласының қызметкерлерінің орташа жалақысын сатылы өсірудің бағдарламасы қажет. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жиналысында мекеме басшысы Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 828
Фото - Caravan.kz

«Шығармашылық қызметкердің әлеуметтік дәрежесінің белгісіздігі және төмен жалақы мәдениет қызметкерлерінің абыройын өсіруге және жергілікті жерлерде кадрлардың сақталуына теріс әсер етіп отыр», — деп атап көрсетті ол. Министр қазіргі таңда мәдениет саласының жалақы деңгейі денсаулық сақтау және білім беру слаларынан 10-20 пайызға кем екенін атап көрсетті.

Е. Ертісбаев, сондай-ақ, мәдениет қызметкерлерін үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттігін атап көрсетті. «Мысалы, тек Астанада министрлікке қарасты ұйымдардың 1458 жұмысшысының 754-інің пәтерлері жоқ. Бұл іс жүзінде жұмысшылардың 50 пайызы», — деді министр.

«Бұл мәселені жағдайы жоқ мердігерлерден салынып бітпеген объектілерді сатып алып, кейін бітіру арқылы немесе мәдениет қызметкерлеріне тұрғын үй кешенін салуға бюджеттен қаражат бөле отырып шешуге болады. Сонымен бірге, құрылысқа жер телімін бөлу және тұрғын үй құрылысы кооперативін құру арқылы да қол жеткізуге мүмкіндік бар», — деген ұсыныс тастады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті