Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қазақстандық өкілдерді Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің автокөлік басқармасының бастығы Болат Алдабергенов басқарған. Франзцуз өкілдеріне Францияның Экология және тұрақты даму министрлігінің автомобиль көлігі басқармасының директоры Луа Шарбонье төрағалық еткен.
Кездесуде тараптар Франция мен Қазақстанның халықаралық автомобиль жүк тасымалы туралы келісім шарт жобасының соңғы мәтінін талқылаған. Кездесу қорытындысы бойныша бірлескен хаттамаға қол қойылды.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім шартқа Францияның премьер-министрі Франсуа Фийонның 2008 жылдың ақпан айының басындағы Қазақстанға сапары барысында қол қою жоспарланған.
«Аталмыш келісім шарттың мақсаты халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және екі ел арасындағы автомобиль тасымалын жүзеге асыруды жеңілдетуге арналған құқықтық негіз құру болып табылады»,- деп түсіндіріп өтті Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті