Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп тапсырылды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп тапсырылды

Өскемен. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында жаңа мектеп тапсырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Ескі мектептің ғимараты апатты жағдайда тұрған, кластардағы төбе ағаштармен тіреліп тұрған. Ал жаңадан салынған мектеп ғимараты қазіргі заман талабына сай келеді», — деген ақпаратты баспасөз қызметі берді.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ғимарат 150 адамға арналған. Қазір мектепте 80 бала оқытылып жатыр. Дәрістер кабинеттік жүйе бойынша жүргізіледі. Информатика кабинеті жаңа 12 компьютермен, ал шеберхана тұрмыстық үй техника және тігін құралдарымен жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті