Шымкентте апатты жағдайдың салдарынан жылусыз қалған аудандар уақытша кесте бойынша жылуға қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте апатты жағдайдың салдарынан жылусыз қалған аудандар уақытша кесте бойынша жылуға қосылды

Шымкентте апатты жағдайдың салдарынан жылусыз қалған аудандар уақытша кесте бойынша жылуға қосылды

Шымкент. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жылу трассасының жарылуы салдарынан жылусыз қалған тұтынушылар уақытша жылу беру кестесіне қосылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық депатаментінің бас маманы Татьяна Зорина хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 592
Фото - Caravan.kz

«Біз жаңа жылу трассасына 700 миллиметрлік жылу желісін қосу арқылы жылуды бердік. Ықшам аудандарға жылу әзірге аудандық №1қазандығы арқылы жеткізілсе, Иляев пен басқа көшелерді №2 қазандықтары қамтамасыз етеді. Адамдар тоңады деп, алаңдаудың қажеті жоқ», — деді Т. Зорина.

«3-Энергоорталығы» АҚ бас инженері Қыдырәлі Нәсіпов агенттік тілшісіне хабарлағанындай, жылу трассасында болған жырылыс таң атқанға дейін қалпына келтіріледі. «Жарылған жерлер анықталды. Біз апатты кешкі жетіге дейін аяқтаймыз деп жоспарлағанбыз, алайда бұл жұмысқа уақыт көп кететін түрі бар. Аламдар түнімен жұмыс істейтін болады»,- деді Қ. Нәсіпов.

Ал әзірге бұл апаттан қанша жер үйлер жылусыз қалғаны анықталмай отыр. Апат болған жерге барып қайтқан журналистер, ыстық су бірнеше үйлердің ауласына жайлап, үй шаруашылғына әсіресе, үй құстарына үлкен зиян келтіргеніне куә болды. Тұрғындардың айтуынша, олар сағат сегізден бастап ресми органдарға телефон шалып көмек сұрағандарын айтқан. Алайда, оларға ешкім қол ұшып бермеген.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін таңертең Әдірбеков пен Төреқұлов көшелерінің қиылысында диаметрі 700 мм-лік жер асты жылу трассасы жарылды. Соның салдарынан жылу беру орталығының 30 пайыз тұтынушылары жылусыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті